$ 494.87  520.65  4.91

«Таяқ жеген кезімізді еске түсірді»: Жазира Байырбекова Бишімбаевтың соты жайлы

Ол  процестің ұзаққа созылып кеткеніне шүйлікті.

Фото: www.instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: www.instagram.com/zhazira_bairbekova

Көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген жез таңдай әнші Жазира Байырбекова Астанада онлайн өтіп жатқан Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүкіл Қазақстан бақылап отырған сот отырысы жайлы ойын Instagram парақшасында жариялаған ол  процестің ұзаққа созылып кеткеніне шүйлікті.

Су тасқыны туралы ақпараттан қалыспай, талайымыздың күйеуімізден таяқ жеген кездерімізді есімізге түсірді. Атышулы іс көңілімізді түсіріп, халықтың энергиясын алып, ұйқысын бұзып, денсаулығына әсер ететіні анық. Айдан да анықталған істі сонша созу не үшін керек болып жатыр екен, - деп жазды Байырбекова.

Алайда әнші кейіннен жазбасын өшіріп тастады. Ал бұған дейін әнші марқұм Салтанат Нүкенованың оқиғасына орай жазба жариялаған болатын.

Отбасын сақтап қалайын,ата-анамды ұятқа қалдырмайын,балаларымның көңіліне қаяу түсірмейін,барлығы әйелге байланысты дегенге сеніп қап,ер азаматты өзгертейін деп Салтанаттың күйін кешіп,тірі ... болып жүрсіздер-ау,біразыңыз АЯУЛЫларым

Біздің менталитетіміздің салмағы көбіне тек қыз-келіншектерге түсетіні өкінішті, - деп жазды әншіге оқырмандарының бірі: «Жазира ханым, ұруды нормально дегендердің бірі сіз едіңіз ғой. “Мен де таяқ жедім, тілімнен таптым” – деп» пікір қалдырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары