Бағдарлама көрермендері оның бұл сөзіне таңданыстарын жасыра алмады.
«Бір болайық» бағдарламасына махаббатын іздеп келген бойжеткен баласы мүгедек боп туылса, оны балалар үйіне өткізіп жіберетінін айтып, көрермендер мен жүргізушіні шошытты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама жүргізушісі Шахкерім Кәрменов қатысушыдан «сонда баланың мүгедектігі болса, балалар үйіне тастап кетесіз бе?» деп сұрайды. Ал бойжеткен болса «Иә, Шах мырза, өтірік емес. Мен бұрын да айтатынмын, егер балам әдемі болмаса, тастап кетемін», - деп жауап берді бойжеткен.
Бағдарлама көрермендері оның бұл сөзіне таңданыстарын жасыра алмады.