$ 494.87  520.65  4.91

«Еркелеп өмір сүргім келеді»: Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмыс құруға дайын екенін айтты

Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекованың осыған дейін екі некесі сәтсіз аяқталған болатын. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында тағы да тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тағы тұрмысқа шығуға дайынмын деп ойлаймын. Іскер әйелміз, өзімізді-өзіміз бағамыз. "Мен сүріндім, мені тастап кетті" дейміз де, бала-шағаны бағып, ер адамның тірлігін істеп жүрміз ғой. "Өзім" дегеннің артында әлсіз әйел тұр. Ол табиғи құбылыс, жаратылыс. Бір арқа сүйейтін азаматты іздейсің. Көп жұмыс істеуге шаршаймын. Бірақ жұмыс істемесең тағы болмайды. Бала-шағаңның киініп, жақсы білім алғанын қалайсың. Өзің де әлемнің кереметін көргің келеді. Кейде бәрін ер адамға ысырып тастап, еркелеп өмір сүргім келеді. Бірақ маған ондай мүмкіндік әлі бермеді. Құдай ондай ер-азаматты жолықтырмады. Бірақ мені алда сол адам күтіп тұр деп ойлаймын. Соған сенемін. Менің еркелігімді көтеретін, әйелдік қасиетімді алға шығаратын, еркелететін, алақанында аялап, менің балаларымды өз баласындай көретін, асырап, бағып, бірге қыдыратын ер адам болады деп ойлаймын. Менде ондай нәрсе болмағасын, қатты қызығамын. Ішкі күйім де соған дайын сияқты, - деді Мөлдір Әуелбекова. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Төртінші әйелі болыппын»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы сыр шертті 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары