$ 494.87  520.65  4.91

«Миллион доллар беремін, маған үйлен»: Белгілі әнші өзіне жасалған ұсыныс туралы айтты

Ал мен әрқашан өз отбасымды таңдаймын. Әлі де солай...

Әнші, сазгер Өктем Алтаев «Алғашқы» бағдарламасында қонақ болып, өнері мен отбасы туралы айтты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өнер құрбандықты талап ететінін атап өтті. Ал ондай кезде отбасы кейінге ысырылып қалады. Осыны түсінген әнші әрқашан отбасын бірінші орынға қойған. Мұның себебі де бар екен.

Мен отбасында әкенің рөлі қандай екенін жақсы білемін. Себебі әкесіз өстім. Сол себепті балаларымның алдында көбірек болуды таңдадым. Әлі күнге дейін екі таңдау тұрса, бірінші отбасымды таңдаймын. Балаларым әкелерінің бар екенін сезініп өсуі тиіс. Өнер – ауыр жол. Жұрттың көзі бар, сөзі бар, адамды азғыратын ұсыныстар келеді. Ақша жүрген жер жақсы емес негізі. Маған «Саған миллион доллар беремін, маған үйлен, некемізді қидырайық» деген адамдар болды. Ал мен әрқашан өз отбасымды таңдаймын. Әлі де солай..., - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары