$ 494.87  520.65  4.91

«Дәріге ақша таппай қалдым»: Дариға Бадықова ең үлкен өкінішін айтты

Бұл өкініш актрисаның  туған інісіне қатысты болған.

Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Комедиялық рөлдерімен елдің ықыласына бөленген актриса Дариға Бадықова әріптесі Олжас Абайға берген сұқбатында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұқбат барысында Бадықова өміріндегі ең үлкен өкініші жайлы баяндап берді. Бұл өкініш актрисаның  туған інісіне қатысты болған.

Өмірімдегі ең үлкен өкінішім туған ініме байланысты болды. Бір дәрі керек болды. Сол дәріні салу керек кезде ақша таппай қалдым. Соған қатты өкінемін. Сол өкініш әлі де ішімде, кетпеді. Сол дүние мені қазір шабыттандырып тұрған сияқты. Сол нәрсе үшін мен алға ұмтыламын. Мен негізі бәрін тез кешіре саламын, қолымда барымды бере саламын. Аңқаумын. Кешірмейтін нәрселерім бар. Бір зат үшін кешіре алмайтын едім. Оны көрерменге айтуға дайын емеспін, - деді Бадықова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары