$ 439.43  473.31  4.82

«Әкем көп ішетін»: Белгілі актриса балалық шағын еске алды

Ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды, әр нәрсе берекесіздікке кетеді.

Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Белгіл актриса Дариға Бадықова балалық шағын еске алып, өмірден озған әкесі қандай адам болғанын айтты. Актриса әкесінің ішімдікке әуес болғанын бүкпесіз баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дариға Бадықова балалық шағы жайлы "Біздің подкаст" бағдарламасында сөз қозғады. Өнер иесі әкесі көп ішсе де, үйде бала-шағаның көзінше шу шығаратын адамдар қатарынан болмағанын айтты.

"Біздің замандағы әкелердің бәрі ішті. Менің әкем де көп ішетін. Әйел де ішеді, ер адам да ішеді. Ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды, әр нәрсе берекесіздікке кетеді. ішкен тамақтың дәмі құриды. Әкемнің ішкілігінен зәру көрдім дегенде, мен енді әкем ішіп келіп, анамды келіп ұрып, бәрімізді ұйқыдан оятып алып, қыратын кезі болмаған енді. Әкем ішсе де, момын ішкіш болды. Ал ағайын-туыс, көршілерден көргенім де бар. Күйеуі ішіп келсе, әйелін ұрып, балаларының берекесін кетіріп жататын. Менің әкем ондай болған жоқ, бірақ ішті", - деді актриса. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары