$ 498.34  519.72  4.85

Алсу Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

Алсу өз әрекетінің әділетсіздік болғанын мойындап, көзіне жас алды.                                                                                                                                                             

Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Ресейлік танымал әншісі Алсу «Голос.Дети» музыкалық шоу-байқауында қазақ әншісі Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін өкінетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сұхбат барысында Алсу барлық ата-ананың 2 млн оқырманы жоқ екенін айтып, өз әрекетінің әділетсіздік болғанын мойындап, көзіне жас алды.

Мен көпшіліктен кешірім сұрағым келеді. Сол кездегі жағдайды есіме алсам, өзімді қоярға жер таппаймын. Мен дұрыс істемедім. Сондықтан мен барша ел-жұрттың алдында кешірім сұраймын, – деді ол.

Осыдан 5 жыл бұрын, яғни 2019 жылы «Голос.Дети» шоуының 6-маусымының финалында ұрланған дауыстың нәтижесінде Алсудың қызы Микелла Абрамова қазақ әншісі Ержан Мақсымнан басым түсіп, жеңімпаз атануы үлкен шу тудырған еді. Өйткені Ресей халқы Ержан Мақсымның жеңімпаз атанатынына сенімді болғанын және көпшілік осы қатысушыға дауыс бергенін айтып, әділетсіздік деп наразылығын білдірген еді.

Қазір әлеуметтік желіде жұртшылық әншінің «барлық ата-ана өз баласының болашағын ойлап, перзентіне дауысты ұрлап беретін еді» деген мағынада айтқан сөзін сынап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары