Соңғы түсірілімнен кейін, әрі қарай бірге жұмыс істемеймін деп шештім.
22 жастағы Элина есімді аруды зорлады деп айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған фотограф туралы Айсәуле Бақытбек пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде Айсәуле Бақытбектің аталмыш фотографпен жұмыс істегені туралы ақпар тарады.
“Зорлаған адам лайықты жазасын алып, өтемін өтеуі керек. Элинаның командасын жеңісімен құттықтаймын! Азаматпен осы жағдай орын алмастан бұрын жұмыс істеген едім. Соңғы түсірілімнен кейін, әрі қарай бірге жұмыс істемеймін деп шештім. Өйткені оның ұнамсыз әрекеттерін байқадым. Сондықтан да қыздар, өз сезімдеріңізе құлақ түріңіздер! Секем алып қалсаңыз, дереу тоқтатыңыздар! Сұмдық жайттан кейін, мына адаммен қалай істес болғанмын деп ойлап отырмын. Өздеріңізді қорғаңыздар! Зорлыққа шыдамаңыздар!”, – деп жазды блогер.
Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: