$ 479.38  531.63  5.27

Димаш желіге жаңа бейнебаянын жариялады (ВИДЕО)

Жаңа әнді концертте тыңдағыңыз келе ме?

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне түсірген бейнебаянының үзіндісін желіге жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Құрметті достар! Жаңа Smoke әніме бейнебаянның шығуына орай біз жақсы көңіл-күй үшін бейнебаянның бір бөлігін көрсетуді ұйғардық. Бұл сіздерді жалықтырып алмайды деп сенемін. Жақында Будапештте және Стамбулда көрісеміз. Жаңа әнді концертте тыңдағыңыз келе ме? Сіздермен кездесетін сәтті күтемін», - деп жазды әнші.

Димаштың жанкүйерлері бейнебаянды жоғары бағалап, оның Венгриядағы концерттерін асыға күтетінін жаза жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары