$ 494.87  520.65  4.91

Jah Khalib зорлық-зомбылық туралы сөзі үшін концерттен шеттетілді

Ешқандай шешім импульсивті түрде өзгермейді.

Фото: instagram.com/jahkhalib
Фото: instagram.com/jahkhalib

Танымал рэпер Jah Khalib тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан сөзі үшін Кишеневте өтетін кештен шеттетілді. «Summer Fest» ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше, бұл шешім өзгермейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, бұған дейін бір топ белсенділер әншіге қатысты осындай үндеу жасаған еді. бірақ ұйымдастырушылар бұл шешім импульсивті түрде қабылданбады деп сендірген болатын.

«Соңғы кездегі оқиғалар мен жаңалықтарға байланысты Jah Khalib «Summer Fest» фестивалінде өнер көрсетпейтін болды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты біз бұл шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру үлкен күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді. Ешқандай шешім импульсивті түрде өзгермейді», - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін қазақша тәржімаласақ «Зорлық-зомбылықсыз өмір» ұлттық коалициясы мен актер Лунгу Кэтэлин қазақстандық рэперді Кишеневтегі кешке қатыстырмауды сұраған. Jah Khalib-ке зорлық-зомбылықты ақтады деп айып тағылды. Рэпер «ORTA» подкастына берген сұхбатында зорлау себептерінің бірі «дұрыс емес киім кию» деген пікірді қолдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары