$ 478.58  520.84  5.44

«Өмірде ешкім періште емес»: Бейбіт Қорған «некесіз баласына» қатысты пікір білдірді

27 ақпанда өткен сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама қорытындысы оқылған. 

Фото: instagram.com/beibitkorgan
Фото: instagram.com/beibitkorgan

Танымал әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желіні шулатқан «некесіз баласына» қатысты өз ойын ашық айтты. Бұл туралы ол «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды ғой. Адам алға баса берген сайын әңгіме көп болады. Ондайға негізі көп көңіл бөлмеймін. Бірақ өсіп келе жатқан қызым отыр, ұлым бар. Бұларға қатты тие ме, жоқ па деп ойламайтын заман болды ғой қазір. Мені тек тура жолда жүрген әкесіндей көріп өссе жеткілікті. Өмірде ешкім пәк емес, періште емес. Әр адамның баспалдағы шығар. Мұның бәрі Алланың сынағы, өтеді де кетеді», - деді әнші.

Бүгінге дейін бұл оқиғаға байланысты азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалған. Сот шешімі бойынша биыл 24 қаңтарда Бейбіт Қорған аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында биологиялық үлгілерін тапсырған.

27 ақпанда сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама ашылып, қорытындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алған. Сонымен қатар арызданушы соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 7
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары