$ 494.87  520.65  4.91

«Көңілім құлазыды»: Гүлнұр Оразымбетова тойда жылап қалды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Оразымбетоваға қолдау білдірді. 

Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova
Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова желіге қыз ұзатқан сәтінде түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің жазуынша, ол қыз ұзатқан кезде жылап қалған.

Бұрыннан қыз ұзатып жүрген өнер иесі бұл тойдың өзі үшін ерекше өткенін айтты. Шоу-бизнес жұлдызы дәл осы ұзатуда көңілі құлазып, жылап қалғанын жеткізді.

«Тағы бір аруды ұзаттым. Осы видеоны көріп, көңілім құлазып тұрды ма, білмеймін. Бірақ жылап қалдым. Көзден шыққан жас тек қуаныштан болсыншы. Сіз сүйген жан қадіріңізді біліп, бағалап, алақанында аяласын», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Оразымбетоваға қолдау білдіріп, «Бұйыртса өзіңіз қызды болып, қызыңызды ұзатуды нәсіп етсін!» деп ақ тілегін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары