Пирсинг тағып алған.
Белгілі режиссердің бұрынғы әйелі Назира Бақаева елді сүйкімділігімен баурап алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сатаевтың бұрынғы жұбайы Назира Бақаеваның хиджабын шешкені жайлы белгілі журналист Мөлдір Бақыт мәлімдеді. Ол режиссердің экс-жұбайы хиджабын шешіп қана қоймай, мұрнын да тестіргенін айтты.
«Орамал (хиджап) туралы жазып едім өткенде. Ақан Сатаевтың әйелі ажырасқан соң, хиджабын шешіп, образын мүлдем өзгертіп жіберген екен. Пирсинг тағып алған. Киіп кеткендер ғана емес, шешіп тастағандар да бар», — деп жазды ол желідегі парақшасында.
Көпшілік Ақан Сатаевтың бұрынғы жарының сұлу екенін әрі хиджабқа оны режиссердің өзі мәжбүрлеп кигізгенін жарыса жазды.
«Өтірік оранып жүргеннен осы жүрісі дұрыс болған», «Әдемі», «Сұлу екен», «Дұрыс болған», «Осылай әдемі екен», «Сатаев бүкіл тарихи фильмдерге исламды тықпалап құртты ғой. Әйеліне де мәжбүрлеп кигізген екен ғой. Дұрыс болыпты», — деп жазуда желі қолданушылары.