$ 494.87  520.65  4.91

Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады (ВИДЕО)

Мамыр айының басында эстрада жұлдызының екінші рет шаңырақ көтергенін әріптестері айтып қойды.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет үйленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің отбасын құрғанын белгілі асаба Руслан Искаков хабарлады. Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялап, тойдың қалай өткенін көрсетті.Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен. Алайда өнер иесінің келіншегі жайлы әзірге басқа ақпарат жоқ.

Оның қуанышына тек жақын туыстары мен өнердегі достары ортақтасып келген.Танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ұланғасыр Қамиев және Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов болған. Алматының бұрынғы әкімі тойда тіпті, ән айтқан. 

«Қандай керемет көрініс?! Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады», – деп жазды тойды басқарған асаба.

Видеода Ахметжан Есімов отандық эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиевпен бірге ән салғаны анық көрінеді. Саясаткер мен әнші Ермек Меденовтың сүйемелдеуімен «МузАрттың» «Жүрегім менің» әнін шырқаған.

Ал әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына үйлену тойынан видео жарияламады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары