Мұны көрген көпшіліктің пікірі екіге жарылды.
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа билеген сәтінде түсірілген видеоны желіге жариялады. Видеоны көрген желі қолданушылары артынша қызу талқылай жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Эстрада жұлдызы видеоның астына ағылшын тілінде «Түн, бүгінгі кешкі сәттер» деген жазған.
Мұны көрген көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі әншіге биі жарасқанын айтса, енді бірі оның бұл өнерін сынап, күмәндана бастаған.
«Дені сау адамның биі емес», «Биді жіберетініңіз бар», «Керемет би», «Біртүрлі», «Ішіп алғансыз ба, жараспайды», «Нағыз жігіт», - деп жазды желідегілер.