03.05.2024, 14:00

«Қайрат асырап отыр»: Гүлзира Айдарбекова әр ұлының өз кәсібі барын айтты

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Халықтың ұлы Қайрат болған соң, ол не істесе де, сіздер білесіздер.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғар Нұртастың жұмысы жайлы бар шындықты айтты. Ол жұлдызды жанұяны "тек Қайрат Нұртас қана асырап отыр" деген ел арасында тараған қаңқу сөздің нүктесін қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде оқырмандарымен кері байланыс жасап, олардың жазған пікіріне жауап берді. Ол өздерін Қайрат Нұртас асырап отырғанын жоққа шығарды. Продюсердің сөзінше, әр ұлының өз кәсібі бар. Айдарбекова кіші ұлы Заңғар Нұртастың 40 шақты қызметкері бар екенін де жасырмады.

"Уайымдамаңыз, бәрінің өзіне жетерлік табысы бар. Бірақ сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Халықтың ұлы Қайрат болған соң, ол не істесе де, сіздер білесіздер. Басқалары көрсетіп жасауға міндетті емес. Заңғардың қырық шақты жұмысшысы бар. Заңғар солардың нәпақасының табуына себепкер болып, сауапты іс жасап жатыр. Балаларым біреуге жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ бас-көз болып жұмыс істетеді", - деп жазды ол.