04.05.2024, 17:40

Танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевты боқтап жіберген (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Sn.kz

Қолым дірілдеп кетті. Мен бірден кешірім сұрап, мені «дауыс салып біреулер алдап жатыр» деп ойлап қалғанымды айттым. 

Жайдарманшы Асылхан Дүкенбаев танымал әнші Мейрамбек Бесбаевты байқамай балағаттап жібергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзілкеш оны басқа біреумен шатастырып алған. Оның айтуынша, оған бейтаныс нөмірден біреу хабарласып, өзін Мейрамбек Бесбаев деп таныстырған. Алайда әзілкеш достары өзін алдап жатыр деп ойлап қалып, хабарласқан адамды балағаттап жіберген.

«Қызылордада Серіктің (Серік Ибрагимов) концерті болайын деп жатады. Бір қарапайым нөмірден қоңырау келіп түседі. Хал-жағдайымды сұрап, өзін Мейрамбек Бесбаев ретінде таныстырады. Түсінбей қаламын. «Мен ғой, Мейрамбек Бесбаев ағаң» деп тағы айтады. Мен болсам, оны балағаттап жіберемін. Сол кезде Серік не үшін ашуланып жатқанымды сұрайды. Оған мені біреулер Мейрамбек Бесбаевпын деп алдап жатқанын айттым. Сосын ол «нөмірін көрсетші» дейді. Салыстырсақ Серіктің телефонындағы нөмір мен маған хабарласқан нөмір бірдей. Шынымен Мейрамбек аға хабарласқан ғой. Сөйтіп, Серік Мейрамбек ағамызға хабарласып, тұтқаны маған береді. Қолым дірілдеп кетті. Мен бірден кешірім сұрап, мені «дауыс салып біреулер алдап жатыр» деп ойлап қалғанымды айттым. Ол кісі маған «Ондайлар бар. Өзімін ғой деді», - деп әзілкеш өткенді күліп есіне алды.