Ол өзін басқа бағытта сынап көргісі келгенін жеткізді.
Бір кездері хит әндерімен танымал болған эстрада жұлдызы Бейбіт Көшқалиев соңғы уақытта неге көрінбей кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейбіт Көшқалиев "Мархабат" бағдарламасында үш жыл бойы сахнаға шықпауының себебін айтты. Ол өзін басқа бағытта сынап көргісі келгенін жеткізді.
Негізі соңғы рет Айримен дуэт жаздық. Сосын "Бәрі де өтер" деген ән шығардым. Содан бері үш жыл өтіп кетіпті. Үш жыл бойы ешқайда шықпадым. Бірақ кино түсірдім. 2 web-сериал түсірдім. Әншіліктен бөлек кинопродюсерлікпен айналысып кеттім. Әншілік ол менің негізгі жұмысым. Бірақ өзімді кинопродюсер ретінде де сынап көргім келді, - деді әнші.