09.05.2024, 06:30

«Он есе артық»: Әлеуметтік желіде үнді трендінің қазақша нұсқасы тарады (ВИДЕО)

Фото: sn.kz коллажы

Кешью тобының «Ризамын» әніне түсірілген видеоны желі қолданушылары жылы қабылдады.

Instagram әлеуметтік желісінде визажист-блогерлердің қазақша әнге түсірген видеолары көпшіліктің қолдауын тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Визажист Жанель Ибраева Кешью тобының «Ризамын» әніне түсірген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Қазақы нұсқада түсірілген видеоны қолданушылары жылы қабылдап, ризашылығын білдірді.

Видеоның астында қысқа ғана «Ал біз өз нұсқамызды дайындадық» деп жазылған.

Ибраеваның оқырмандары  «үнді трендінен 10 есе артық», «міне, осы тренд болу керек», «өте керемет, мағынасы күшті», «супер» деп тамсанғандарын білдіріп жатты.

Артынша Айдана есімді тағы бір визажист дәл осы әнге ұқсас видео түсірді.

«Қазақша тренд» деп астына қысқа ғана жазылған бұл видеоны да желі қолданушылары өте жақсы қабылдап, тамсанып жатты.