Ал Бүркіттің жары Аиша кадр сыртынан еттен жасалған тағамдарды пісірмейтінін атап өтеді.
Көпшілікке Бүркіт атымен танылған әнші Айбек Жансейітов ас үйде жүрген видеосын жариялады. Әнші жұбайы мүлде ас әзірлемейтінін айтып "шағымданған", деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram желісінде жарияланған видеода өнер иесі вегетарианмен отбасын құрмауға кеңес берген.
"Әйелім тамақ істемейді. Өзім істеп жатырмын. Мына жақта ет бар", - дейді әнші.
Ал Бүркіттің жары Аиша кадр сыртынан еттен жасалған тағамдарды пісірмейтінін атап өтеді.
"Әйелің вегетариан болса қиын. Вегетариандарға үйленудің қажеті жоқ", - дейді Бүркіт.