«Бұл қарым-қатынаста түсінісе алмайтын барлық адамдар үшін пайдалы болады деп ойлаймын».
Актер Асқар Ілиясов қазақстандық танымал модель Айя Шалқардың екеуінің арасындағы қарым-қатынас туралы айтқан сөздеріне жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Kaz.nur.kz сайтының жазуынша, ол Instagram желісіндегі парақшасында бұрынғы сүйіктісін бірге сұқбат беруге шақырды.
Мен бұны жазам деп ойламадым, бірақ Айяның сторисіндегі әңгіме қоғам алдында талқыланып, шектен шығып барады. Мен абьюзер емеспін, мен әйелдерді құрметтеймін. Ал мен Айямен арамызда болған жайттар екеумізге ғана қатысты. Мен оны жақсы көремін және құрметтеймін. Біз екіге кеттік. Төрт ай қарым-қатынастан кейін біз бірге шешім шығарып, бөлек кетуді жөн деп санадық, - деп жазды Асқар Ілиясов. Актер қыз тарапынан айтылған әңгімелер оны тығырыққа тірегенін айттты.
Мен ақталмаймын, диалог болғанын қалаймын. Біз бұл туралы жеке де сөйлесе аламыз, бірақ егер біздің қарым-қатынасты қоғамдық форматқа айналдырғың келсе, оны бірге талқылайық, Тимур Балымбетовпен бірлескен сұқбат түсіріп, маңызды жайттар туралы әңгімелейік. Менің ойымша, бұл тек біз үшін ғана емес, қарым-қатынаста түсінісе алмайтын барлық адамдар үшін пайдалы боладыдеп ойлаймын, - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Асқар Ілиясовпен бірге жұп боп жүрген Айя Шалқар сыр ақтарып, қарым-қатынасы не үшін тоқтағанын айтқан еді. Ол екіұшты мағына беретін жазбасында:
"Құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа "бармады". Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімділігімді төмендетпек болды...Қыздар, өздеріңді күтіңдер! Жеке шекараңыздан асып жатқан жайттарды байқаған бойда бірден қашыңыздар! Сізге ешкім сенбесе де, ел алдында жүрген адам болсаңыз да мұндай қарым-қатынасты доғару керек", - деп жазған болатын.