$ 484.19  524.28  5.03

«Тосынсый күтіп тұр деді»: Төреғалидің қарындасы күйеуінен қымбат сыйлық алды

Дархандай жігіт бұйырсын.

Фото: farizatoreali инстаграм парақшасынан
Фото: farizatoreali инстаграм парақшасынан

Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, жұбайы туған күніне тосынсый ретінде су жаңа көлік сыйлаған.

"Қазақстанға келгенде тосынсый күтіп тұр деп еді. Бірақ шын мәнінде дәл бұлай болады деп күтпедім! Сыйлық сылаудағы шынайы мақсат - өзара қарым-қатынасты бекітіп, сүйіспеншілікті арттыру арқылы Алла разылығына ұмтылу. Әрбір әйел қауымы бар жақсылыққа лайықты. Мәселе сыйлықта емес, ниетте. Баршаңызға шын жүректен бақытты сәттерді тіледім, сіздерге де Алла Тағала бар жақсылықты нәсіп етсін, қыздарым", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің қуанышына ортақтасып, жарыса тілек жазды.

"Құтты болсын. Бар жақсылыққа лайықтысың", "Дархандай жігіт бұйырсын", "Құтты көлік болсы", "Алла сыйлық беретін құлдарынан еткені қандай керемет", - деді олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары