Олар 453 ұпай жинады.
«Евровидение – 2024» ән байқауында швейцариялық өнерпаздар жеңімпаз болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл Швейцарияның 1956 жылы Лис Ассиа мен 1988 жылы Селин Дионның жеңісінен кейінгі үшінші жеңісі. Дауыс беру нәтижесі бойынша Немо The Code әнімен 591 ұпай жинады. Хорватияның 547 ұпай жинаған Baby Lasagna командасы екінші орында.
Украина Алена Алёна мен Джерри Хейлдің Teresa & Maria әнімен үшінші орын алды. Олар 453 ұпай жинады.
Әнші Немо 1999 жылы Швейцарияның екі тілде сөйлейтін шағын қаласы Билде дүниеге келген. Бала кезінен скрипка, фортепиано және барабанда ойнаған. Немо өз музыкасына гендерлік теңдік, психикалық денсаулық секілді мәселелерді арқау еткен.