$ 494.87  520.65  4.91

«Ашық-шашық киінсең, халық сені «бұзылған қыз» деп ойлайды» – блогер

Еске салсақ, блогер Сәбина соңғы кездері актер Айдар Асқарбекпен қол ұстасып, желіні шулатқан еді.

Фото: instagram.com/sss.sabina
Фото: instagram.com/sss.sabina

Блогер Сәбина Мовлаева танымал әнші Kalifarniya-ға ренішін жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал блогер, актриса Сабина Мовлаева шығармашылығынан сыр шертіп, Kalifarniya-мен бір сыныпта оқығанын «Өзіміз ғой» бағдарламасында айтты.

Оның сөзіне құлақ түрсек, желі жұлдызы сыныптасы танымал бола бастағанда көмек сұрап барған.

«Фархаттың «Қар» әні хит болып жатқанда Ақтөбедегі ойын-сауық орталығына шақырдым. Біз бір мектепте оқыған сыныптаспыз. Енді-енді атақты болып келе жатқанда бір-бірімізге көмектесейік дедім. Шынымды айтсам, өзім де бала күнімнен танымал болуды армандадым. Сахнаға шығып, ән айтқанды жақсы көрдім. Ол менен асқан танымал болғасын, көмектесуін өтіндім. «Сен түгілі Қайрат Нұртасқа ән бермеймін» деп айтып қалды. Жүрегіме қатты тиді. Содан кейін шегініп қалдым. Блогерлікті де жақсы көремін, бірақ ән айту арманым еді», - деді қазір ән айтып жүрген блогер.

Бұдан бөлек, ол сахналық образдары туралы айтып, неліктен ашық киімге құмар екенін түсіндерді.

«Менің бір-ақ кемшілігім бар – ашық киінемін. Сол үшін де халық мені жақтырмайды. Күні кеше ғана тойға барып едім, бір танымал әншінің әйелі құрбыма: «Сабина өмірде жақсы қыз екен ғой, ол туралы өсектер өтірік болған ба?» деп жазып жіберіпті. Түрім де келісті, дене бітімім де керемет. Бәрін жарастырып, талғаммен киінемін. Ашық-шашық киінсең болды, сен бұзылған қызсың. Халық та солай ойлайды. Осы орайда ата-анам мені қолдайды. Олар маған сенеді. Мен де текті жерден шыққан қыз болғандықтан, ұятты нәрселерді білемін. Тек мен еркемін. Өте ерке әрі еркін өскенмін», – деді әнші әрі блогер Сәбина.

Еске салсақ, блогер Сәбина соңғы кездері актер Айдар Асқарбекпен қол ұстасып, желіні шулатқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары