$ 494.87  520.65  4.91

«Ерте үйленгеннің пайдасы»: Қайрат Нұртастың қызымен түскен видеосы желіні шулатты

Видеоға бірге түскен ортаншы қызы Алау наурыз айында 15-ке толды. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Отандық эстраданың танымал жұлдызы Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында қызымен түскен видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші 4 баланың әкесі. Видеоға бірге түскен ортаншы қызы Алау наурыз айында 15-ке толды. Әкесі мен қызының жылулық пен сүйіспеншілікке толы бейнелері оқырмандарды тәнті етті.

Олар жазбаның астында Қайрат Нұртастың қызының сұлулығын мақтап жазып жатса, енді бірі Қайрат Нұртастың әкелік мейіріміне назар аударып жатты. Арасында Алаудың киіміне сын айтқандар да табылды.

«Осы Қайраттың қыздарына, ұлдарына арналған әндері жоқ иә, әлде бар ма?» деп сұрағандар да бар. Видеода Jah Khalib-тің «Қызым» әні қолданылған.

Видеоға риза болған оқырмандары «Әке бәрібір әке ғой, қолымен қызының ішін жауып тұр», «Қайраттың осы қызы бір сұлу ғой», «Әкесіне ұқсаған қыз бақытты болады деуші еді үлкендеріміз. Өмірде бағы жансын», «Ерте үйленгеннің пайдасы», - деп жазып жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары