$ 494.87  520.65  4.91

«50 жасар студентіміз»: Белгілі журналист «Болашақпен» оқып келген Айгүл Иманбаеваны сынады

Ол бір жыл бойы дүкен аралап, шоппинг жасап келді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова “Болашақ” бағдарламасымен Лондонда оқып алып келген әнші, актриса Айгүл Иманбаеваны сынап, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“50 жасар “Болашақ” студентіміз елге оралды. Ол бір жыл бойы дүкен аралап, шоппинг жасап келді. Мұны Instagram парақшасынан көріп отырдық. Ағылшындардың арт-менеджменті туралы бірде-бір пост жариялауға шамасы келмеді. Тұманды Альбиондағы бір жыл демалысы үшін кімге алғыс айтады?! Әрине, PR және роудшоу министрі Саясат Нұрбекке. Өйткені соның арқасында ағылшын тілінен емтихан тапсырмай, салық төлеушілердің ақшасына оқуға түсті", - деп жазды ол.

Cонымен қатар ол шетелде оқуға мүмкіндік алған Димаш Құдайберген туралы пікірін айтты.

"Саясат Нұрбек дәл осындай сәтті билетті тағы бір музыкант, жұлдызымыз Димашқа сыйлады. Ол қабылдады. Бірақ табысты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін Димаш өз қаражатына шетелге оқуға бара алатын мүмкіндігі бар. Өз ақшасына бара алатынын айтып, халық шулағасын өнер иесі "Болашақ" стипендиясынан бас тартқанын жария етті. Міне, нағыз жігіт! 

Ал енді Айгүл Иманбаеваның той әндері қымбаттай ма әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!”,  – деп жазды журналист. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 49
Ұнамайды 13
Күлкілі 35
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары