$ 472.57  508.34  5.4

Димаш өзін әлемге әйгілі еткен француз әнін қайта орындады (ВИДЕО)

Мереке әлемдік деңгейдегі ғимарат – Шанхай опера театрында өтті.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген Қытайдағы Шанхай опера театрында өткен «2024 China Brand Gala» гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

10 мамырда Қытайда жыл сайын Қытай бренді күні атап өтіледі. Бұл Қытай экономикасы, өнеркәсібі және инновациясы үшін жергілікті брендтердің әлемдік нарыққа қосқан үлесін көрсететін және технологиялық прогресс пен даму нышандарын көрсетуге мүмкіндік беретін ерекше күн.

Мереке Шанхай музыка консерваториясының опера, хор музыкасы, оркестр және қытайлық театр бағдарламаларын қолдайтын жобасы болып табылатын әлемдік деңгейдегі ғимарат – Шанхай опера театрында өтті. Шанъинь опера театрының құрметті президенті – маэстро Пласидо Доминго.

Димаш заманауи опера сахнасында өзінің әйгілі «SOS D’un Terrien En Détresse» композициясын орындады.

Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Қытайлық брендтер туралы айтатын болсам, мен ризашылығымды білдіргім келеді. «I am a Singer» жобасына қатысу барысында көптеген қытайлық брендтермен жұмыс істедім. Бұл мен үшін мақтаныш, - деп бөлісті әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары