Қарақат өнердегі құрбысына заманауи стильде тігілген шапан жапты.
Танымал әнші әрі тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші жаңа жасын әріптестері мен өнердегі құрбы-құрдастарының арасында мейрамханада тойлады. Желіде бөліскен бейнелерден әншінің қуанышын бөлісуге Қарақат және Қыдырәлі Әбілдина, Ләйлә Сұлтанқызы, Мөлдір Мұқанова, Сара Тоқтамысова, Зарина Омарова және тағы басқа шоу-бизнес саласында жүрген майталмандар жиналғанын байқауға болады.
Қымбатты менің достарым, бүгінгі күні менің қуанышымда жанымда болғандарың үшін көп-көп рахмет. Қыздың жасы әрқашанда неше? Он сегіз! Рахмет көп-көп, - деп жиналған қонақтарға алғысын білдірді Оразымбетова.
Қарақат өнердегі замандасына заманауи стильде тігілген шапан жапты. Басқа қонақтар да жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстап жатты.
Бұдан екі күн бұрын Гүлнұр Оразымбетова парақшасында анасына арнап жариялаған әсерлі жазбасы оқырмандарын тәнті етті. Онда әнші ене болуға дайындық жүріп жатқанын, асыл әжесі мен анасының тәрбиесі қиындықтардан өтуге көмектескенін жазған еді.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің деген ғой. Мен де ана болдым. Ене болуға дайындық жүріп жатыр, бұйыртса. Асыл әжемнің тәрбиесі, анашымның сабырлы ұстанымы. Бәрін көріп, көңілге түйіп өстім. Қанша қиын жағдайлар басымнан өтіп жатса да, анама шағым айтпаппын. Жүрегін ауыртқым келмеді. Шүкір, қазір бәрі өз орнында, ретімен жүріп жатыр. Шөбере, шөпшек, немене, жұрағат сүйіңіз, анашым, - деп жазды Оразымбетова.