$ 480.55  533.75  5.36

«Қорқасың»: Аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растады

Адам денесін сөзбен жарақаттау мүмкін емес. Ал жан дүниесін абайсызда айтылған сөздің өзі де жаралауы мүмкін.

Фото: instagram.com/makosyai
Фото: instagram.com/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін дүниеге әкелуге дайындалып жүр. Ол жүкпі қалпында ерекше фотосессия жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі жуырда Алматыдан Шымкентке қоныс аударған еді. Кейінгі кезде тіпті, күйеуінің қайда екенін білмейтінін, бірге тұрмайтынын ашық айтты.

«Денеңді оңайшылықпен жалаңаштайсың. Бірақ ішкі жан дүниеңді біреуге ашуға қорқасың. Адам денесін сөзбен жарақаттау мүмкін емес. Ал жан дүниесін абайсызда айтылған сөздің өзі де жаралауы мүмкін», - деп әнші әлеуметтік желіге жазба жариялады.

Бұдан бөлек, ол сәбиінің жынысы туралы жазды.

«Аман-есен бола ғой, балапаным, қызым! Біз сені қатты күтеміз. Бұл фотографпен екі жылда бір рет осылай кездесіп тұратынымыз бар. Екі жыл бұрын Теодорға аяғым ауыр кезде гүлді бақтарға барып, керемет фотосессия жасаған едік. Негізі бұл анаңмен ішің пыспайды. Осы жолы ол «әдемі жерге барып суретке түсейік» деп өзі жазды. Менің жиналуым тым ұзақ. Керемет естеліктер үшін саған алғыс айтамын», - деп жан сырын ақтарды Мақпал Исабекова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 37
Күлкілі 13
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары