16.05.2024, 04:30

«Толықсың деп айтады»: Танымал актриса махаббатта жолы болмай жүргенін жасырмады

Фото: видеодан скриншот

Менің бойым мен салмағым сәйкес келмейді.

Танымал актриса, блогер Айшолпан Байтүгел Асхат Садырбайға берген сұхбатында толықтығының кесірінен өзін кем сезінетінін ашық айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Актрисаның айтуынша, өзінің салмағы бойына сәйкес емес.

Бәрі маған толықсың деп айтады, мен тіпті бұдан қысыламын. Менің бойым - 1 метр 60 сантиметр, ал салмағым - 82 келі. Менің бойым мен салмағым сәйкес келмейді. Сондай-ақ, маған қоғам тарапынан келетін хейттің барлығы осы толықтығыма қатысты. Мен сондықтан да әлеуметтік желілердегі парақшаларыма тамақтанып отырған сурет, видеоларымды жүктемеймін, - деді актриса.

Сонымен қатар, Айшолпан артық салмақтың кесірінен жеке өмірінде әзірге тыныштық екенін жасырмады. 

Осы толықтығымның кесірінен махаббаттан да жолым болмаған. Сөйлесіп көрген жігіттерім болды. Бірақ 99 пайызы бетімді қайтарды десем болады. Кәдімгідей кездесуге шығып келемін, ертесіне менің нөмірімді, әлеуметтік желілерде бұғаттап тастайтын. Мен бұл туралы қиналмай айта беремін. Білмеймін, сырт келбетім ұнамаған шығар. Бірнеше кездесуге шықтым, жақсы көрген адамдарға өзім бірінші болып айтқан кездерім де, олар менің бетімді қайтарған кездері де болды. Сондықтан мен бұл нәрсені  қабылдадым, айта алдым, мойындадым. Негізі сол кезде ғана жеңіл болады екен. Осы себепті маған біреу өліп ғашық болды деп айта алмаймын, - деді ол.