$ 494.87  520.65  4.91

«Жыныстық инфекцияны тек әйелдер таратады»: Журналистің пікірі желіде наразылық тудырды (ВИДЕО)

Дәрігерлер жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарту қажеттігін жазуда.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Журналист әрі отбасылық коуч Жанәділ Райымбековтің әлеуметтік желіде бөліскен пікірі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Подкасттан үзінді» деп жариялаған видеода журналист ерлердің жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды ешқашан таратпайтынын айтқан. Ол мұндай аурулар тек әйелдер арқылы тарайды деген ойымен бөлісті.

Егер әйел адам бірнеше еркекпен қосылатын болса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Ал көп әйелі бар еркек өзінің сол әйелдерімен қосылса да, инфекция таратпайды. Әйел адам бөтен еркекпен қосылатын болса, ол инфекция таратады. Бұл ғылыммен дәлелденген нәрсе, - дейді отбасылық коуч.

Оның пікір оқырмандары арасында қызу талқыланып, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Онымен келіспейтінін білдірген дәрігерлер жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарту қажеттігін жазуда. Ал кей оқырмандар рухани құндылықтар жайлы айтқаны дұрыс еді деген пікір қалдыруда.

«Гинеколог ретінде айтам, сіз дезинформация бермеңіз! Гинекологтар мен урологтар қосылып сотқа беру керек!», «Жалған ақпарат таратып жатқаны үшін мына кісіге шара қолдану керек. Ол үшін кімді белгілеу керек?», «Халықтың алдына шығып жүр екенсіздер, толық зерттеп шығу керек деп ойлаймын. Сіздің не айтқыңыз келгеніңізді түсіндім, бірақ медицина тұрғысынан дұрыс емес айтып жатырсыз. Халық арасында онсызда дінге қарсы тенденция бар кезде, одан сайын өршіттіңіздер, ол заңды, өйткені нақты білім аз. Дін - ғылымның атасы екенін білеміз, бірақ қазіргі мұсылмандар білімсіз. Дін өкілдері сақал, төсек, көп әйел жайлы айта бермей, адами, рухани құндылықтар жайлы айтса жөн болады менің ойымша. Медицинаға кірмей-ақ қойыңыздаршы өтініш, ол үшін жылдар бойы оқу керек», - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары