$ 494.87  520.65  4.91

«Өз басымнан өтті»: Әсел Асқар отбасында болған зорлық-зомбылық туралы айтты

Әсел Асқар өміріндегі ауыр кезеңде жақындарының қолдауы аса ерекше болғанын жеткізді.

Фото: Instagram @assel.askar
Фото: Instagram @assel.askar

Актриса, блогер Әсел Асқар отбасылық өмірде зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтты. Өнер иесі ақыр-соңы өзіне күш көрсеткен жолдасынан ажырасып тынған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұ

Бұл туралы ол "Revue News" бағдарламасында айтты.

"Бұл мен үшін өте өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені осы зорлық-зомбылық өкінішке орай өз басымнан өтті. Одан құтылдым, құдайға шүкір. Сол кезде ата-анамның қолдауы елеулі болды. "Шыдап жүрмейсің, жалғыз қызымызсың, сен мұндай өмірге лайықты емессің" деді. Сосын Бүркіт ағам да қолдауын білдірді. Ол "мұндайға көз жұмуға болмайды, бұл не деген сұмдық" деді", - деді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары