$ 479.23  534.96  5.16

«Әнді жақсы айтады»: Әнші Kalifarniya-ны танымай қалған такси жүргізушісі елді тәнті етті

Концертін өткізуге бара жатқан өнер иесі қызықты жағдайға тап болды.

Әндері халық арасында кеңінен тараған әнші Kalifarniya Степногорск қаласында үлкен концерт берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Концертін өткізуге бара жатқан өнер иесі қызықты жағдайға тап болды. Жергілікті такси жүргізушісі жұбайымен бірге мінген әнші Kalifarniya-ның өнерімен таныс болса да, өзін танымай қалған.

Kalifarniya-ның келіншегі Instagram-дағы парақшасында такси көлігінен видео жариялап, басынан өткен қызықты жағдайды оқырмандарымен бөлісті.

Бейнежазбада такси жүргізушісі Kalifarniya-ның өнеріне жоғары бағасын беріп отырғанын көруге болады. Такси жүргізушісі көлігінде сол Kalifarniya-ның өзі отырғанын білмей қалған. Ол ерлі-зайыптының кім екенін танымаса да, тегін жеткізіп тастаған.

Kalifarniya хит әндері бар жігіт пе? Степногорскқа келді ма не? Қазір әндері керемет, Әнді жақсы айтады, - деді такси жүргізушісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары