"Мені теп - тегін жарнамалап жүргендеріңізге рахмет!".
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өз хейтерлеріне арнап видео түсіріп, оныәлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол өзі жайлы жағымсыз пікір жазатын оқырмандарының есебінен ел арасында аты шығып жатқанын аңғартқан.
«Бұл жазбаны хейтерлеріме арнаймын. Мені ғайбаттап, әртүрлі парақшаларда жаман пікір жазып, уақыттарыңызды бөліп, мені теп - тегін жарнамалап жүргендеріңізге рақмет!», - деп жазды әнші.