$ 494.87  520.65  4.91

«Үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым»: Баян Мақсатқызы қазіргі жолдасымен таныстығы жайлы айтты

«Бәрін таста, екеуміз бақытты боламыз» деп айта алмадым.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Шоу-бизнес өкілі, белгілі продюсер Баян Мақсатқызы «Без мишуры» YouTube арнасында қазіргі жолдасы Тұрсын Алагөзовпен қалай танысқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үйдегі балконға түнде жиі шығатынмын. Бұрынғы күйеуім түнде үйде болмайтын. Балконға шығып, аспанға қарап, үш жыл бойы Құдайдан махаббат сұрадым. "Құдай, маған махаббат берші, менің сүйгім келеді, махаббатты сезінгім келеді. Бұлай өмір сүргім келмейді. Махаббатсыз мен өлемін. Махаббатымның бәрін жұмыс пен балаларға беруден шаршадым" деп айтатынмын. Құдай маған махаббатымды жібергенде, тағы да балконға шығып, "осы ситуацияға рұқсат берші" деп сұрадым. Құдай тілегімді орындады.

Неге бұлай сұрадым? Себебі мен әйелі бар адамға дым болмағандай, "бәрін таста, екеуміз бақытты боламыз" деп айта алмадым. Тұрсыннан "отбасыңды не істейсің?" деп те сұрамадым. Себебі бұл этикаға жатпайды. Ол еркек, барлық шешімді өзі қабылдау керек деп ойладым. Одан "әйеліңмен ажырас, солай істеуге тиіссің" деп те айтпадым. Ересек адам болғандықтан, бұл оның шешімі екенін айтатынмын", - деді ол.

Продюсер өз адамын кездестірген сәтте оны ештеңе тоқтата алмағанын айтты.

Тұрсынмен алғаш кездескенде 3 сағат бойы сөйлестік. Экс-күйеуіммен мен бұлай сөйлеспегенмін, әңгіме-дүкен құрмағанмын. Тұрмыстың айналасындағы нәрсе үшін ғана сөйлесетінбіз. Тұрсынмен сөйлескенде мені түсінетінін сездім. Біз әлі күнге дейін отырып алып, сағаттап әңгімелесеміз. Ол мені, мен оны қызыға тыңдаймыз. Тұрсынның әйелі барын естіген кезде ештеңе ойламадым. Керісінше, өзімнің күйеуі бар әйел екенім көп ойландырды. Сен өз адамыңды кездестіргенде бәрін түсінесің. Бірде бір күш тоқтата алмайды. Себебі сен өз адамыңды кездестірдің, - деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 55
Ұнамайды 14
Күлкілі 24
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары