Келіп, көліктің есігін ашайын десе, жабық болған.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы экс-күйеуінен қорлық көрген кезде қызы өзін қалай құтқарып қалғанын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Без мишуры» Youtube каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Шоу-бизнес өкілі Баян Мақсатқызының айтуынша, оқиға әуежайдан келе жатқанда көлікте болған.
«Әуежайдан соң Тұрсын өз әйелімен сөйлесуге үйіне кетті. Ал мені сол түні қызым құтқарды. Әуежайда тұрғанда оған хабарласып, «аз уақыттан соң үйде боламын, таксиге отырдым» деп хабарластым. Бұл оқиға болмағанда 40 минутта үйге жететінім белгілі ғой. Экс-күйеуім жиенімен бірге келді де, мені отырған көлігімнен басқа көлікке отырғызды. Әрі қарай зорлық-зомбылық көрсетті, 2 сағат бойы қорлық көрдім. Жиені бір нәрсе дұрыс емес екенін сол кезде біліп, өз анасына, яғни экс-күйеуімнің апасына хабарласты. Ал анасы қызым Айсәулеге айтқан. Айсәуле маған, әкесіне телефон соққан, хабарласа алмаған. Сөйтіп, Талғар трассасынан бізді табады. Келіп, көліктің есігін ашайын десе, жабық болған. Аяқ киімімен көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты. Келе жатқанда Айсәуле жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне соғып, бәріне хабарлаған. Мені алып шыққанда ол жерге екеуі де келді. Сөйтіп, ауруханаға апарды», – деді продюсер.