$ 464.72  496.32  5.4

Мейіржан Төребаевтың үйіне жіберілуіне қатысты ҚАЖД түсініктеме берді

Танымал вайнер сот үкіміне сәйкес бес жыл бас бостандығынан айырылған болатын.

Фото: Halyq Uni коллажы
Фото: Halyq Uni коллажы

Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне жіберілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №44 мекемеде жазасын өтеп жатқан Мейіржан Төребаевқа анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді.

Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі ең төмен мекемелерде жазасын өтеушілер мекеменің әкімшілігіне жеті тәуліктен аспайтын мерзімге оның шегінен тыс жерде жүруге қажетті уақытты есептемегенде, мекеме әкімшілігіне жүгінуге құқылы, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева әлеуметтік желіде күйеуі мен балаларының видеосын жариялаған болатын.

Айта кетейік, былтыр маусым айында Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Осы жылдың басында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді.

Алайда апелляциялық сот вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары