$ 494.87  520.65  4.91

Сотталып кеткен Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты (ВИДЕО)

Ең бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Елімізге белгі вайнер Мейіржан Төребаев түзеті мекемесінде қысқа мерзімді демалыс алып, отбасымен қауышты. Бұл туралы сотталушының жары Дана Есеева мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Есееваның сөзінше, Мейіржан Төребаевтың заң бойынша қысқа мерзімді демалысы бар. (113-бап мекемеден тыс жерлерге шығу). Вайнер сол мүмкіндігін пайдаланған.

«Балалардың бақыттан басы айналып жатыр. Кішілері соңғы кездесуден кейін бірақ тілдері шығып, әкелеріне көптеген сұрақтар қойып жатыр. Үлкендері саналы, әкелерінің жанында сабырлы болып отыр. Жақын арада оның Павлодарға қайта кететінін түсініп, барынша құшақтап жатыр. Онда Мейіржан күндіз Еңбек РМК-да жұмыс істейді, ал кешке мекемеге оралады. Ең бастысы, анамыздың жүрегі тынышталды. Аз уақытқа болса да, ұлы қасында», - деп бөлісті Дана Есеева.

Еске сала кетейік, белгілі вайнер Мейіржан Төребаев бес жыл бас бостандығынан айырылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары