$ 494.87  520.65  4.91

«Жұғысты болсын» деудің өзі ыңғайсыз»: Балжан Бидаш отбасылық өмірде айтылған әңгімелермен бөлісті

"Жұғысты болсын" деп бөпенің киімдерін, түрлі заттарды беріп жатады.

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі, шоу-бизнес жұлдызы Балжан Бидаш тұрмыста болған кезін есіне алып, басынан өткен кей келеңсіз оқиғалармен бөлісті. Тұрмыста болғанда "қашан туасың" деген қысымға ұшырамаса да, барған жерінде бәрі "жұғысты болсын" деген ниетпен нәрестенің заттарын сыйлаған екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдары өзіне көп адам балалы болуды тілегенін айтты. Алайда "жұғысты болсын" деген сөзді жиі есту әнші үшін оңайға соқпаған.

"Мен екі жарым жыл тұрмыста болдым. Бірақ "қашан туасың?" деген сұрақ пен қысым болмапты. Бірақ осы тұста көзге көрінбейтін нәрсе бар. Бір жерге барғанда бөпелермен суретке түскенде "жұғысты болсын" деп көп айта берді. "Жұғысты болсын" деп бөпенің киімдерін, түрлі заттарды беріп жатады ғой. Мен де сондай жағдай көп болды. Сол "жұғысты болсын" деген сөздің өзі ыңғайсыз жағдайға қалдырады", - деді әнші "Мамский әңгіме" бағдарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары