$ 494.87  520.65  4.91

«Тауып жатқан ақшам бастан асты»: Төреғалидің қарындасы не үшін оқымағанын айтты

Сол кездегі өміріммен рахаттанып жүрдім.

Фото: Instagram/tattti_kyz
Фото: Instagram/tattti_kyz

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі мектептен кейін жоғары оқу орнына не себепті түспегенін оқырмандарына айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында оқырмандары жолдаған сұрақтарға жауап беріп, өзіне қатысты бірқатар ақпаратпен бөлісті. ЖОО түспеу себебіңіз, деген оқырман сауалына Дина Төреәлі төмендегідей жауап берді. 

"Себеп жоқ. Ойланып жүрдім. Сол кездегі өміріммен рахаттанып жүрдім. Тауып жатқан ақшам бастан асты. Әке-шешемнің, кішкентай бауырларымның қасында уақыт өткіздім. Соңына қарай не болғанын өздеріңіз білесіздер. Америкаға 1 жылға жоспармен кететін болып, тұрмысқа шығып кеттім", - деді ол.

Дина Төрелі алдағы уақытта отбасымен бірге шетелде білім алғысы келетінін де жасырмады. 

"Алдағы уақытта шетелде күйеуіммен, баламмен барып, білім алуға жоспар бар", - деді ол. 

Фото: Instagram/tattti_kyz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары