Ауруханаға түсік тастауы мүмкін деген болжаммен жатқызған.
Танымал әнші Мақпал Исабекова денсаулығына қатысты жайсыз хабарды көпшілікке жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазір әншінің аяғы ауыр. Ол екінші сәбиін дүниеге әкелуге дайындалып жүр. Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.
«Мен босанып жатқан жоқпын, әлі ерте. Ауруханаға түсік тастауыңыз мүмкін деген болжаммен жатқызды. Біз үшін дұға етіңіздерші! Қызымда да, менде де бәрі жақсы болсын деп тілеңіздерші! Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - деп жазды экстрада жұлдызы.
Еске салсақ, бұған дейін аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растаған.