23.05.2024, 06:30

Дариға Бадықова «Жылдың үздік актрисасы» атанды

Фото: Instagram/ dariga_badykova

«Мені жақсы көретін, жек көретін көрермендерге рақмет».

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова «Жылдың үздік актрисасы» атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Бадықова Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

 Дариға Бадықова өзін жақсы көретін көрерменге алғыс айтты.

Тағы үздікпін. Тілек айтыңыздар. Биыл «2024 жылдың үздік актрисасын» алдым. Мені жақсы көретін көрермендерге рақмет. Жек көретін көрермендерге де рақмет, - деді ол.

Актрисаның оқырмандары қуанышты жаңалығымен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Тамаша, құтты болсын", "Бағындырар белесіңіз көп болсын", "Еңбегіңіз елене берсін", "Жұлдызыңыз жана берсін", "Мықты қыз", "Жек көре алмаймын-ау, тастамаймын да", "Сені қалай жек көруге болады?", "Еңбек" , - деп жазды жұрт.