$ 494.87  520.65  4.91

«Орынсыз қызғаныш болды»: Фариза Төреәлі қандай қиындықты басынан өткізгенін айтты

Бастапқыда келіспеушіліктер болды.

Фото: instagram.com/farizatoreali
Фото: instagram.com/farizatoreali

Танымал блогер Фариза Төреәлі жеке өмірі, отбасын құрғанда қандай қиындыққа тап болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» бағдарламасында айтып берді. Ол тұрмысқа шыққан соң алғашқы кездері жолдасы екеуі үшін қиын кезең болғанын жасырмады.

«Қарым-қатынас жағынан қиын болды. Екі әлем қосылды. Мен басқа жақта өстім, басқа тәрбие көрдім. Оның өз көзқарасы бар дегендей. Бізге уақыт керек екенін түсіндім. Бастапқыда келіспеушіліктер болды. Қиналдым, бірақ әрекетке көштім. Мен жеңіл өмір сүргенді жақсы көремін. Ұрыс-керіс, өкпе-ренішпен өмір сүре алмайтын адаммын. Амалын іздедім, іздендім, оқыдым. Ер адаммен қарым-қатынас туралы көп зерттедім. Арасында орынсыз қызғаныш болды. Ол ұрыстарға алып келетін. Дархан негізі өте жеңіл адам, ауырлататын мен», - деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары