$ 498.34  519.72  4.85

«Сталинмен қарым-қатынасы болған»: Күләштің Байсейітованың өлі денесін күйеуі Мәскеудегі пәтерден тапқан (ВИДЕО)

Қанабек Күләш қайтыс болғаннан кейін бірден басқа әйелге үйленген.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

24 жасында халық әртісі атанған Күләш Байсейітованың құпия өлімі жайлы не белгілі? Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы тележүргізуші Данияр Есеннің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық әртісі, Шығыс бұлбұлы атанған Күләш Байсейітова туралы көп жерде таралмаған мәліметті жариялады.  

«Небәрі 24 жасында «СССР-дің Халық Артисі» атанған әнші туралы аңыз да көп, әпсана да көп. «Сталинмен қарым-қатынасы болған» деген алыпқашпа әңгімелер де әлі күнге дейін ел аузында жиі айтылады. Әншінің жұмбақ өлімі бүкіл Кеңес Одағын дүр сілкіндірді. Оның өлімін Сталинмен, НКВД-мен байланыстыратындар да бар», - деп жазды Данияр Есен.

Оның желідегі парақшасында жазуынша, әншінің денесін күйеуі Мәскеудегі пәтерден тапқан. Тіпті сол қайғылы оқиға туралы естелік жазған.

«Күләш Байсейітова әнші Қанабек Байсейітовпен шаңырақ көтерді. Әншінің үш қызы болды: Құралай, Қарлығаш және Қаршыға. Өкінішке қарай, Қаршыға балабақшада уланып қайтыс болды. Содан кейін қандай да бір сағынышты басу үшін Күләш әпкесінің қызы Раушанды асырап алды. Раушан  Күләш қайтыс болғаннан кейін жетістікке жетті: балет солисі атанып, Қазақ ССР Халық Артисі атағын алды.

Өкінішке қарай, Күләштің күйеуі Қанабекпен ара қатынасы шиеленісті болды. Шығармашылықта олар бір-бірін тамаша толықтырғанмен, өмірде Қанабек тарапынан түсініспеушіліктер көп болды. Қыздарының бірінің айтуынша, Қанабек Күләш қайтыс болғаннан кейін бірден басқа әйелге үйленген.

1957 жылы әнші Күләш Байсейітова гастрольдік сапармен Мәскеуге барады. 1-2 күн алдын Қанабек Алматыға кетіп қалған. 6 маусым күні қонақүйдегі ванна бөлмесінен Күләштің өлі денесі табылады. Бұл туралы Қанабек естелігінде айтады: «Ваннаның қасына жетіп, жақтауына сүйенген күйі отыр» дейді. Құламапты, тірі адамдай сүйеніп қана отыр екен».

Дәрігерлер миына қан кеткен деген анықтама береді», - деп жазды ол.

Еске салсақ, әнші 45 жасында өмірден озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары