$ 494.87  520.65  4.91

Димаш Құдайбергеннің Ыстанбұлдағы концерті жұртты дүр сілкіндірді

Димаштың Германия мен Аргентинадан келген жанкүйерлері концертке арнайы ұшып келгендерін айтты.

Фото: Акжигит Чукубаев
Фото: Акжигит Чукубаев

Димаш Құдайберген өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ыстанбұлда жеке концертін берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ыстанбұлдағы Бешикташ стадионында өткен Димаштың концерті көру үшін әлемнің көптеген елдерінен: Түркия, Қытай, сондай-ақ, Еуропа, АҚШ, Азия мен Африканың көптеген қалаларынан жанкүйерлер жиналды, деп жазады kaz.inform.kz.

Ыстанбұлдағы 42 500 орындық «Бешикташ» стадионы лық толды.

Димаштың Германия мен Аргентинадан келген жанкүйерлері концертке арнайы ұшып келгендерін айтты.

Біз оның әнін тыңдау үшін Ыстанбұлға келдік. Димаштың Түркияда концерт беретінін білген бойда билет сатып алдық, - дейді тыңдармандар.

Димаш өнерін қазақ, түрік, ағылшын және қытай тілдеріндегі халықтың ең сүйікті әндерімен бастады.

Ән арасында Димаш көрермендермен: жерлестерімен қазақ тілінде, шетелдік фанаттармен ағылшын тілінде сөйлесті. Сөз арасында әнші Ыстанбұлда өнер көрсеткеніне қуанышты екенін жеткізді.

Сахнада өнерпазбен бірге түрік музыканттары Халук Левент пен Бурак Йетер қонақ ретінде өнер көрсетті.

Сахнада қобыз, гитара, домбыра үні күмбірледі. Концерт соңында Димаш заманауи өңдеуде «Дүрдараз» әнін орындады. Жаңа стильде қазақтың халық әні бүкіл стадионды дүр сілкіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 62
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары