$ 494.87  520.65  4.91

«Сынаққа толы жыл болды»: Жахан Отарғалиев басынан өткен бар жайтты айтты (ВИДЕО)

Бала сүю… бұл бақыт маған да бұйыратын шығар. Мені депрессияға ұшыратқан осы диагноз, достар!

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Елімізге белгілі актер, кино-продюсер Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр кезең туралы ашып айтты. Некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі күйзелістен қалай шыққанын баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жахан Отарғалиев белгілі журналист Зарина Мүсілімге ақтарыла сұқбат беріп, өміріндегі сынақтар жайлы айтты.

"2023 жыл өмірімдегі қиындықтарға, сынақтарға толы жыл болды деп айта аламын. Біздің де жүрегіміз жылайтын кездер болады. Біздің де мұңаятын кездер болады. Сен өзіңді іштей жей бересің. Сол қиын сәтте маған диагноз қойылады. Сол маған қатты әсер етеді. Маған өмір сүру, еш нәрсе қызық болмай қалады. Жиналып алуыма пайғамбарымыздың өмірбаяны болады", - деп ағынан жарылды актер.

Сонымен қатар актер өзін депрессияға ұшыратқан диагнозды да айтып берді.  

Мен үшін бұл өмірде ең ауыр нәрсе… Мені тек басынан дәл осындай жағдай өтіп жатқан адам ғана түсінеді. Бала сүю… бұл бақыт маған да бұйыратын шығар, бәрі бір Алланың қолында. Үмітім үзілмейді… Мені депрессияға ұшыратқан осы диагноз, достар! Өйткені бұл өмірде сәби сүюден асқан бақыт жоқ қой… 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары