Актердің әйелі көлік жүргізіп, қаланы аралап жүргенде оған жол бойында болған оқиғалар туралы жиі айтып береді екен.
Актер Азиз Бейшеналиев ерлердің көлік тізгіндеген кезде жолда көрсететін агрессиясы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ ол Қазақстанда әйелдердің неліктен зорлық-зомбылықтың барлық түріне ұшырайтынын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Jaman Emes» подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Актердің әйелі көлік жүргізіп, қаланы аралап жүргенде оған жол бойында болған оқиғалар туралы жиі айтып береді екен.
«Бір күні агрессивті ер адам әйелімнің жолын бөгеп, оның көлігінің алдын күтпеген жерден кесіп өтіпті. Әйелімнің сигналына жауап ретінде ер адам көліктен түсіп, жанына жүгіріп келіп, әйнегін жұдырығымен қағып, айнасын ұрған екен. Әйелім жолаушы ретінде менің жанымда отырғанда мұндай жағдайлар мүлде болмайды. Ал бірде белгісіз ер ер адам көлік тізгіндеп келе жатып әйеліме «тез жүр, жолды босат» деп айтты. Ол кезде мен көлік ішінде көзге түспей отыр едім», – деді актер.
Бір қызығы, Азиз Бейшеналиев жүргізушіге өзін көрсеткеннен кейін, ол көлігін айдап, оларға жол берген екен.
«Әйелдерге жасалатын сексуалды, физикалық, психологиялық зорлық-зомбылықтың барлығын ер адам өзінің физикалық күшіне және жазасыздығына сенгендіктен ғана жасайды», – деді ол.