26.05.2024, 18:30

«Қыз бұйырсын»: Отбасымен ерекше видео жариялаған Салтанат Бақаева елді тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдіріп, түрлі пікір қалдыруда.

Салтанат Бақаева отбасылық видеосын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Онда өнер иесінің күйеуі мен ұлдарымен бірге бой көрсеткен. Жұлдызды жанұя желіде трендке айналған видеоны түсірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Трендттерді ең соңғы болып түсіретін біз ғана ма", - деген жазба қалдырды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдіріп, түрлі пікір қалдыруда.

"Көз тимесін", "Енді қыз бұйырсын", "Тәтті отбасы", "Үлгілі жанұя", "Осы отбасы өзіме қатты ұнайды", "Бақыттарыңыз еселене берсін", "Балапандарыңздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.