$ 495.2  522.34  4.94

«Аз уақыттық ләззат қана»: Ерке Есмахан қыздарға кеңес берді

Ол күйеуінің сыйлаған бренд әшекейлеріне анпакинг жасады.

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан қыздарға, жалпы әйелдер қауымына ақыл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерке Есмахан инстаграмдағы сториз бөлімінде күйеуінің сыйлаған бренд әшекейлеріне анпакинг жасады. Тіпті бренд аяқ киім мен сөмкелерін де көрсетті.

Содан соң оқырмандарына мұндай брентердің бір сәттік қана қуаныш екенін айтты.

«Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық! Бұған күмән болмасын! Бірақ бір нәрселер бір сәттік қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын беретін рухани байлық. Өмірдің "шын кайф" екенін өзіңді өзің тапқан кезде білесің. Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды. Менің баға жетпес байлығым  денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саясат тағы басқасы аз ғана уақыттық ләззат қана», - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 93
Ұнамайды 9
Күлкілі 6
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары