$ 495.2  522.34  4.94

«Міндеттісің деп сұрайтын болып кеткен»: Жазира Байырбекова өзінен көмек күтетіндер туралы

Не болып барады адамдар...

Фото: zhazira_bairbekova инстаграм парақшасынан
Фото: zhazira_bairbekova инстаграм парақшасынан

Елімізге белгілі әнші Жазира Байырбекова өзінен көмек сұрайтындарға ренішін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзінен көмек сұрап, өзін қарғайтындар барын ашық жазды.

"Ешкімге жамандық тілемеймін,ешкімнің ешнәрсесін тартып алған жоқпын, ешкімге зияным жоқ, ештеңеге таласым да жоқ адаммын ғой. Кейбіреулер не үшін мені жек көретінін түсінбеймін. Көбіне көмек сұрайтындар ұрсып, қарғап, міндеттісің деп сұрайтын болып кеткен. Не болып барады адамдар...", - деді ол. 

Жазираның жазбасын оқыған көпшілік оны жарыса жақтай кетті.

"Адамға ештеңе жаұпайды ғой", "Жұрт айтып-айтып қояды ғой", "Жақсылар үшін әлем де әдемі", "Сізді жақсы көреміз", "Көре алмайтын адамдардың тірлігі ғой", - деп жазды жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары